Сен ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Психикалық денсаулық күніне орай Baitursynuly University Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының мамандары студенттер арасында ақпараттық акция өткізді.

Акция барысында студенттерге орталықтың жұмысы, психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.

Акцияның басты мақсаты – студенттерге психикалық саулықты сақтаудың маңызын еске салу және көмекке жүгіну – өзіңе қамқорлық жасаудың табиғи, әрі маңызды қадамы екенін жеткізу.

Орталықта студенттер қолдау түрлері туралы ақпарат алып, психологтың жеке кеңесіне жүгіне алады. Сондай-ақ өмірде және оқу барысында кездесетін түрлі мәселелерді шешуге көмектесетін қолдауға ие болады.

Мұнда әр студент өзін толғандырған мәселе туралы ашық айтып, қажетті қолдау ала алады. Көмекке жүгінген әрбір адамның сөзіне құлақ асып, жан дүниесіне түсіністікпен қарайды.

Есте сақтаңыз: көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңе деген қамқорлықтың белгісі. ҚӨУ әр студент өзін назардан тыс қалмағанын сезініп, түсіністік пен қолдауға ие болатын жайлы орта қалыптастыруға ұмтылады.

Сен жалғыз емессің. Қолдауға дайын жандар әрдайым жаныңнан табылады

ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы: 1Б корпус, 315-кабинет
Мекенжайы: Байтұрсынов көшесі, 47, Экономика және құқық факультеті (заңгерлер корпусы).

Қабылдау комиссиясы