ҚӨУ атынан экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин және интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының маманы Аружан Каримова қатысты. Литвалық жоғары оқу орны делегациясын стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор, профессор Астрида Мицейкиене бастап келді.
Сапардың мақсаты – бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау.
Шетелдік серіктестердің айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық университеттің интернационалдандыру стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді.
Кездесу барысында тараптар академиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ қос диплом бағдарламаларын енгізу мәселелері қарастырылды.



