Жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелерін зерттеу орталығы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі педагогикалық стратегиялар фестивалі — «Табиғатты ұтымды пайдалануға арналған экологиялық ағарту» атты іс-шараның жұмысын осылайша ашты.
Фестиваль бағдарламасы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес әзірленіп, БҰҰ-ның басымдықтарын жүзеге асыруға және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты:
Кафедрада «Болашақ мұғалімді даярлаудағы экологиялық ағарту: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында пікірталас өтіп, «Химия», «Биология», «География» білім беру бағдарламаларында ТДМ-ды іске асырудағы педагогикалық білімнің ресурстары, сондай-ақ кафедраның білім беру бағдарламаларындағы Minor пәндері арқылы экологиялық білім берудің заманауи тәсілдері талқыланды.
Профессорлық-оқытушылық құрамда жобалық оқыту бойынша жеткілікті тәжірибе жинақталған. «Экологиялық жобалау», «Қазақстан геоурбанистикасы» пәндерінің мүмкіндіктері тұрақты даму тұрғысынан және эко-әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру бағытында жоғары бағаланды.
Ольга Чернявская, Балжан Төлебаева, Татьяна Брагина, Эльмира Ерғалиева, Бибігүл Баймағанбетова, Сергей Курлов, Галия Ручкина «Экологиялық ағартуда цифрлық ресурстарды пайдалану», «Табиғатты ұтымды пайдалану оқу модулі ретінде» бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қостанай қаласындағы №19 мектеп директорының орынбасары Ирина Бузмакова жаратылыстану пәндерінің пәнаралық байланыстары тұлғаның экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын және бұл бағыт кафедра филиалының жұмысында кеңінен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.






