Осы демалыс күндері ҚӨУ Smart-орталығындағы Qostanai Hubта Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон – Decentrathon 4.0 шарасы өтті!
Бұл хакатон Қазақстанның 20 қаласынан келген 4000-нан астам қатысушыны біріктірді.🇰🇿.
Хакатон қатысушылары финтех, AI, блокчейн және мобильді сервистердегі нақты мәселелерді шешеді, ал ең үздік жобалар кейін іске аса алады.
Байқаудың басты мақсаты – жастардың дағдыларын дамыту және оларды нақты бизнес-мәселелерді шешуге шақыру.
Қостанайда жеңіс үшін 45 команда (115 студент), соның ішінде Baitursynuly University атынан 20 команда бақ сынауда!!!💪
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің болашақ инженерлері мен IT-мамандары өз идеяларын командалық жобаларда сынап, цифрлық болашаққа үлес қосуда.
⠀
«Біз алғаш рет қатысып жатырмыз, бірақ қазірдің өзінде процеске толық кірісіп кеттік. Тақырып мамандығымызға жақын, ал алда жүлде бар, сондықтан барымызды саламыз!», – деп атап өтті университетіміздің «Ctrl+Z» командасы.
ҚӨУ Smart-орталығының жетекшісі Гүлмира Дамбаулова қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Мен сіздердің үлкен қабілеттеріңізге сенемін. Хакатон – тек тапсырма емес, сонымен қатар тәжірибе, таныстық және командалық рух. Біз керемет нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын!»
Жүлде қоры – $50 000. Жеңімпаздар 2–4 қазан аралығында Астанадағы Digital Bridge-та белгілі болып, қостанайлық командалар елге өздерін таныта алады.
Decentrathon – бұл жай ғана байқау емес, идеялар мен мүмкіндіктер марафоны.
Барлық қатысушыларға сәттілік, ал біздің ҚӨУ жастарына ЖЕҢІС тілейміз!