Депортация жаңғырығы: ҚӨУ-дегі халықаралық диалог

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде «1930–1950 жылдардағы Қазақстандағы депортациялық үдерістер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан мен Польшаның тарихшы-ғалымдарын, мәдениеттанушыларын және әлеуметтанушыларын біріктірді. Қатысушылар ХХ ғасыр тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – миллиондаған адамдардың тағдырына және Қазақстанның көпұлтты қоғамының қалыптасуына терең әсер еткен жаппай депортация мәселесін талқылады.

Төмендегі ұйымдардың өкілдері өз баяндамаларында қуғын-сүргін жылдарында орын алған оқиғалар мен ғылыми зерттеулерінде көрініс тапқан фактілер жайында айтып берді:

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан аумағындағы депортациялық үдерістердің себептері, тетіктері мен жүзеге асырылу формалары қарастырылды. Қатысушылар поляк және корей халықтарының тағдырына, олардың 1930–1940 жылдары Қазақстанға қоныс аудару тарихына, сондай-ақ соғыстан кейінгі кезеңде поляк халқының Қазақстаннан Польшаға репатриациялануы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ғалымдар тарихи жадыны сақтау, ғылыми диалогты дамыту және өткеннің қайғылы оқиғаларын зерделеудегі халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Осы тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстелдің өткізілуі үлкен ғылыми әрі қоғамдық маңызға ие. Мұндай кездесулер тарихи үдерістерді тереңірек зерттеуге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және адам қадір-қасиетіне, әділеттілік қағидаттарына, халықтар арасындағы бейбітшілік құндылықтарына деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан мен Польша зерттеушілерін біріктіретін мұндай іс-шаралар тек тарихи жадыны сақтауға емес, елдер мен халықтар арасындағы сындарлы мәдениетаралық диалогты дамытуға да мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы