Өндіріс ырғағын жасанды интеллект реттемек

ҚӨУ-де Qostanai AI Industry Hackathon 2026 республикалық хакатонының қорытындысы шығарылды.

Хакатон Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Smart-Center» орталығында өтті.

Байқаудың жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Финалға Қазақстанның әр қаласынан жиналған үздік студенттер мен оқушылар қатысып, жасанды интеллект арқылы отандық өнеркәсіптің өзекті мәселелерін шешуге болатынын көрсетті.

Қостанай бұған дейін де республикалық хакатондарға мұрындық болған. Тек бұл жолы өтінім бергендердің саны 150-ден асып түскен.

Бұл жастардың жасанды интеллектке деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Хакатонды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Qostanai Hub және Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы ұйымдастырды.

Байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың жергілікті кәсіпорындардағы нақты мәселелердің шешімін іздеуі.

Үш кейсті «Қостанай минералдары» АҚ, «Allur компаниялар тобы» АҚ және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Qostanai Hub-пен бірлесіп дайындады:

Мұның бәрі тестілеу кезінде ереже бұзуға жол бермеу үшін қажет.

Қатысушылар жасанды интеллект модельдерін жаттықтырып, код жазды, шешімдерін ұсынды. Үздік жобалар өндіріс орындарында қолданыс табуы мүмкін.

Байқаудың алғашқы кезеңі онлайн өтті. Қатысушылар берілген кейстер бойынша жұмыс істеп, 90-нан астам шешім ұсынды.

Сарапшылар әр кейс бойынша үздік төрт команданы таңдады.

Финалға 12 команда іріктеліп, Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанай қалаларынан келген командалар бақ сынасты.

Финал 16 қазанда болды. Қатысушылар қазылар алқасына жобаларын таныстырып, жұмыс істеу жолын түсіндірді.

Сарапшылар алқасы:

Ақырында әр үш кейс бойынша бір-бір жеңімпаздан анықталып, 1 000 000 теңге жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.

Осылайша, үш кейс бойынша Қостанай, Алматы және Астана қалаларының командалары жеңіске жетті. Байқауға еліміздің әр қаласынан қатысушылар келіп, жобаларын ұсынды.

Мұндай бастамалар кәсіпорындарға да, жастарға да пайдалы. Кәсіпорындар өндірістегі мәселелерді шешуге көмектесетін тың идеялар мен дайын жобаларды алады.

Ал студенттер мен оқушылар нақты міндеттермен жұмыс істеп, тәжірибе жинайды. Сонымен бірге білімдерін іс жүзінде қолданып, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Өңірде заманауи технологияларды меңгерген, елдің дамуына үлес қоса алатын мамандардың қалыптасуына да осындай байқаулардың ықпалы бар.

Хакатон білім беру ұйымдарын, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарды ортақ жұмысқа жұмылдырады. Мұндай байланыс жасанды интеллект технологияларын Қазақстан өнеркәсібіне енгізуге жол ашпақ.

Қабылдау комиссиясы