object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-22 16:46:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ IT-десанты

Baitursynuly University командасы еліміздегі ең ірі офлайн-хакатон – Decentrathon 4.0 байқауында үздік нәтиже көрсетті.

20 қала, 2000 команда, 4825 адам қатысып, $20 000 + 16 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры болды.

Decentrathon 4.0 серіктестері inDrive, Банк ЦентрКредит және bcc hub компаниялары қатысушыларға ЖИ-ға қатысты нақты тапсырмалар берді.

48 сағат бойы командалар мобильді технологиялар мен финтех саласындағы күрделі кейстерді шешумен айналысты. Ең үлкен олжаның бірі – үздік әрі ұтымды идеялардың шынайы өмірде қолданыс табуы.

Бұл ірі IT шара 13-14 қыркүйек күндері өтіп, бүгін оның нәтижелері белгілі болды.

 ҚӨУ-дің жас маманы Андрей Унру inDrive компаниясына арналған AI-кейстерді әзірлеуде үздік нәтижемен көзге түсіп, мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шығып, Топ 15-те 14-ші орынды иеленді.

Әріптесіміз inDrive компаниясына бірнеше функционалды модульдер мен оларды қолдану сценарийлерін ұсынды.

Мысалы, жылу картасы – белгілі бір аймақтардағы сапарлардың қаншалықты жиі орындалатынын көрсететін визуалды карта. Ол сұранысы тұрақты, ал қауіп-қатері төмен «кездесу нүктелерін» анықтауға мүмкіндік береді.

Қолдану тәсілдерінің бірі – жолаушылар мінетін ыңғайлы орындарды таңдау мен тәулік бойындағы қозғалыс белсенділігін талдау.

Бұдан бөлек, Андрей қауіпсіздік маяктарын жасап шықты. Бұл жүйе жолдағы қалыптан тыс жоғары немесе төмен жылдамдық байқалатын аймақтарды көрсетіп, жүргізушілерге қауіпсіз бағытты ұсынады.

Әріптесіміздің идеялары баға саясатын жетілдіру, қызмет көрсету аймақтарын оңтайландыру және жүргізушілерді теңдей үлестіру мәселелеріне де бағытталды.

Оның InDrive GeoTracks атты жобасы үлкен қызығушылық тудырды.

Андрей өз жобасын компанияға әкелетін пайдасы мен оны енгізу жолдары тұрғысынан таныстырды. Сондай-ақ ол мүмкін болатын шектеулер мен этикалық мәселелерді ескеріп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін, оның құрылымы мен деректер қозғалысын көрсетті. Сонымен бірге негізгі есептеу формулаларын, алгоритмдерді жасап, жобаны әрі қарай дамыту жоспарын ұсынды.

 Decentrathon 4.0 офлайн-хакатонының ұйымдастырушылары – Blockchain & AI Technology Center (BAITC) және Astana Hub. Іс-шара Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен өтті.

«Қазақстан жастарының әлеуеті орасан. Олардың тың идеялары тез арада нақты жобаға айналып, еңбек пен нәтиже қатар жүреді. Мұндай бастамалар студенттерге тек оқу бағдарламасымен шектелмей, өмірдегі шынайы міндеттерді шешуге, тәжірибелі мамандардан үйренуге жол ашады.

Бұл өз кезегінде жастардың кәсіби тұрғыда тез өсіп, болашағына нық сеніммен қарауына және технология әлемінде өз орнын табуына мүмкіндік береді.

Осылайша жасанды интеллект пен заманауи технологияларды меңгерген жаңа буын мамандар қалыптасуда», – деп атап өтті Министр Жаслан Мадиев.

Decentrathon 4.0 хакатонына ҚӨУ студенттері де белсене қатысты.

Дмитрий Науменко, Айбек Алекеш, Максим Задорожный, Ырыскүл Мырзагалиева, Нуралы Болатұлы, Эдгар Володькин, Қалыбек Мәуленов, Никита Гресько, Андрей Малыгин, Никита Дячков, Қарақат Сайран, Андрей Семенов, Анастасия Овчинникова, Лаура Нұрмағамбетова, Никита Гузенко, Асанәлі Сапаров және басқа да студенттер университет намысын қорғады.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жаңа жеңістерге бірге ұмтылайық!

Қабылдау комиссиясы