Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің делегациясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми-технологиялық сессиясына қатысуда.
Сессия тақырыбы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кәсіпорындары мен өңірлерінің ғылыми-технологиялық дамуы».
Кездесу агрохакатон форматында өтуде. Қатысушылар екі күн бойы ғылыми қоғамдастық пен бизнесті қатар тізгіндеп жүрген ауыл шаруашылығы мамандарының баяндамаларын тыңдайды.
Сонымен қатар, топтық “ой-талқы” сессиялары ең өзекті салаларға: ауыл шаруашылығындағы ғылыми және экономикалық міндеттерге, жобаларды әзірлеу, сонымен қатар инновациялық шешімдерге арналады.
Сессияда ауыл шаруашылығында тиімді болатын нақты ұсыныстар мен жобалар сарапқа салынады.







