ДӘСТҮРЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР және педагогикалық ИННОВАЦИЯЛАР тоғысында

Baitursynuly University-де ұлы ағартушы, педагог, ақын Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы қарсаңында дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Алтынсарин оқулары» конференциясы өтті.

Конференция тақырыбы – «Білім беру практикасындағы технологиялар мен инновациялар: жаңа қиындықтар мен тиімді шешімдер».

Заманауи білім – дәстүрлі педагогикалық құндылықтар мен цифрлық технология мүмкіндіктерінің үйлесімі. Конференция барысында педагогтар жаңа идеялармен, тиімді әдістемелермен алмасып, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайындағы оқытудың практикалық тәсілдерін талқылады.

Биыл 21-ші рет өткізілген «Алтынсарин оқулары» Қазақстанның және шетелдің жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері үшін тағы да маңызды диалог алаңына айналды.

Қатысушылардың географиясы кең, шамамен 10 мемлекетті қамтиды. Біз Ресей мен Словакиядағы тұрақты серіктестерімізді ерекше атап өткіміз келеді: Словакиядағы Коменский университетінің профессоры Ева Сметанованы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы МГИМО профессоры Елена Бережнова және Ресей Федерациясы Президенті Академиясының Батыс филиалының профессоры Ольга Бесерт қатысты.

Конференция жұмысына 700-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі онлайн форматта қосылды.

Баяндамалар тақырыбы алуан түрлі болды. Қатысушылар болашақ педагогтардың әлеуметтік интеллектін дамыту, студенттердің soft skills дағдыларын қалыптастыру, жалпы білім беретін мектептерде STEAM технологияларын қолдану, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде цифрлық білім беру ортасын құру мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Цифрлық педагогиканың рөлі мен маңызы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бүгінде білім беру саласы да басқа бағыттар сияқты инновациялық құралдарды белсенді енгізуде, ал жасанды интеллект мұғалімнің сенімді көмекшісіне айналғаны рас. Оқушылар мен студенттер де оқу барысында жаңа технологиялардың көмегіне жүгінетіндіктері бәрімізге мәлім.

Секциялық отырыстар аясында мынадай мәселелер қарастырылды:

Конференция жұмысы заманауи білімнің дәстүр мен технологияның, сондай-ақ педагогикалық инновациялардың тоғысында қалыптасып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қабылдау комиссиясы