object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-21 04:25:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің ҒЫЛЫМИ көзқарасы

B013 «Биология пәні мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауының нәтижелері жарияланды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті B013 «Биология пәні мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсының II кезеңін өткізетін базалық жоғары оқу орны болып бекітілді.

Аталған байқау жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен өткізіледі. Негізгі мақсаты — студенттердің ғылыми және оқу-зерттеу белсенділігін ынталандыру.

Байқау жұмыстарын бағалаумен жаратылыстану пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы айналысты. Комиссия төрайымы – биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагина.

Комиссия екі күн бойы барлық ұсынылған жұмыстарды мұқият қарастырды. 2025 жылғы байқауға еліміздің 9 жоғары оқу орнынан 14 ғылыми жұмыс (18 студент, 14 ғылыми жетекші) қабылданды.

Жұмыстардың тақырыптары биоиндикация, генетика мәселелері, өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеу, жануарлар дүниесін тану және биологияны оқыту әдістемесі секілді әртүрлі бағыттарды қамтыды.

Сонымен қатар, бірқатар зерттеулер қазіргі биологиялық білім берудегі өзекті мәселелерге арналды. Мысалы, жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу, Flash-анимацияны қолдану, заманауи оқыту технологиялары және т.б.

Комиссия жұмыстарды бағалау барысында олардың ғылыми маңыздылығына, зерттеу әдістерін тиімді қолдануына, мақсаттар мен міндеттердің орындалуына, алынған нәтижелердің нақтылығына және жұмыстың талаптарға сай рәсімделуіне ерекше назар аударды.

Нәтижесінде, I орын және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломымен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Дильназ Базарбаева мен Александра Губайдуллина марапатталды.

Олардың жұмысы «Pinus sylvestris L. тозаңының өзгерісін талдау арқылы техногендік әсерге ұшыраған аумақтарды палиноиндикациялау» тақырыбына арналды. Ғылыми жетекшісі – PhD докторы Гулмира Асылбекова.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар, 2026 жылы студенттердің келесі жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауын Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің базасында өткізу құқығына ие болды!

Қабылдау комиссиясы