«Міржақып Дулатұлы және ұлт руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жас зерттеушінің еңбегі бағаланды.
Торғай төрінде ақын, жазушы әрі қоғам қайраткерінің 140 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті.
Бұл еңбектің авторы – Қостанай қаласындағы С. Мауленов атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Айжан Әбдіғали
Оның ғылыми жетекшісі – тарих пәнінің ұстазы Абылай Ахметжан.
Ал ҚӨУ профессоры Айбек Шалғымбеков ғылыми кеңесшілік қолдау көрсетті.
Айбек Батырханұлының сөзінше, оқушының баяндамасы Дулатұлының туған топырағында жасалған ғылыми экспедиция қорытындыларымен байытылған.
«Сол сапарда біз ақынның туыстарымен жүздесіп, Қызбел мен Бидайықтағы кесенесіне тағзым еттік. Сүйегі әкелінген Карелиямен байланыс орнатып, Торғай музейлер кешеніндегі архив құжаттары мен жәдігерлерін қарастырдық. Сондай-ақ Астана мен Алматының ғалымдарымен, журналистерімен бірлесе жұмыс жасадық», – деді ол.
Экспедиция тамыз айында Міржақып Дулатұлының Торғайдағы ғұмыры мен қызметіне қатысты мекендерде ұйымдастырылды.
Профессор Айбек Шалғымбековті, ұстаз Абылай Ахметжанды және олардың шәкіртін конференциядағы мазмұнды баяндамасы мен үздік ғылыми еңбегі үшін шын жүректен құттықтаймыз!