Биыл байқаудың бес жылдық мерейтойы. Осы аптада көрермендер жартылай финалистердің өнерін тамашалап, әсем дауыс пен ерекше толқынысқа куә болды. Иә, KRU VISION – бұл тек вокалдық шеберлік қана емес. Бұл нағыз «Евровидение» форматынан бастау алған, дауыспен қатар идея, образ, мәдениет пен мінез-құлыққа мән беретін ауқымды дода.
– Біз студенттердің тек вокалдық қабілетін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бейбіт аспаны астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрінің сан алуандығын паш етеміз. Бұл – әркім өзін еркін сезіне отырып, хореографиядан бастап сахналық қойылымға дейінгі шығармашылық әлеуетін ашатын байқау, – дейді ҚӨУ Жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова.
Сахна төріне 9 жартылай финалист шықты, олардың әрқайсысының өз тарихы мен өзіндік мақсаты бар.
Байқау форматы өте қызықты: әр қатысушыға тәлімгер-әртіс бекітілген. Қатысушы оның әнін орындап қана қоймай, сол образды жан-дүниесімен сезініп, сахнада өмір сүруі тиіс. Оның мінезін, энергиясын, сахналық стилін дөп басып, нағыз кейіпкерге айналуы шарт.
Ариана Гранде болғың келе ме? Онда сахнада қимыл-қозғалыстан бастап жанарыңа дейін соның кейпіне енуге дайын бол.
Ал енді ресми түрде ФИНАЛИСТ атанған алтылықпен таныс болыңыздар:
Сахна сыртында ұйқысыз түндер, костюм іздеу, талыққанша дайындалу, толқыныс пен эмоция жатыр. Ал сахнада жастар нағыз сенімділік пен музыкаға деген махаббатты көрсете білді.
Иә, бұл еңбектің жемісі. Финал бұдан да дүбірлі болмақ!













