Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында ҚӨУ-дің «Өнер» шығармашылық үйінің студенттері қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Талантты ұл-қыздарымыз мереке күндері Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығына барып, концерт қойды.
Көрермендер ерекше көңіл-күймен қол соғып, өнерпаздарға алғыстарын білдірді.