Іс-шараны «Ұлы дала ұрпақтары» қоғамдық бірлестігі мен Қостанай облысының Аналар кеңесі ұйымдастырды.
Көпшілік үшін бұл тек мәдени шара ғана емес, поэзияның терең әрі шынайы әлеміне бойлауға мүмкіндік болды. ҚӨУ студенттері ақынның өлеңдерін тебіреніспен оқып, оның сөз құдіреті мен сезім байлығын жеткізе білді.
«Құқықтану» және «Тарих» білім беру бағдарламаларының білім алушылары шығармашылық кешке көрермен ретінде қатысты.
Жастар ұлы ақынның рухани мұрасын қастерлеп, ұрпақтар сабақтастығын және ұлттық мәдениетке деген құрметті сақтап келеді. Мұқағали поэзиясы туған жерге деген шынайы сүйіспеншілікке шабыттандыруда.



