ҚӨУ-де дәстүрлі «Армысыздар – бұл біз!» атты бірінші курс студенттерінің фестивалі өтті.
Биыл бірінші курс студенттері білім беру бағдарламаларын сүйікті мультфильм кейіпкерлері арқылы таныстырды.
Балалық шақтан таныс хикаяларға студенттік өмірдің «тұзын» қосып, тың қойылымдар ұсынды.
Мәселен, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттері «Шрек» мультфильмін таңдаған.
Университет өмірінен бейхабар енжар құбыжыққа есек пен үздік оқушы Фиона білімнің маңызын түсіндіріп, факультеттегі мамандықтарды таныстырады.
Фестивальдің мақсаты – бірінші курс студенттеріне университет құрылымын (кафедралар мен білім беру бағдарламаларын) таныстыру және жастардың басын қосып, дарын-таланттарын ашу.
Не дегенмен, алдағы төрт жыл бойы иық тіресіп бірге жүресіздер. Сондықтан бұл шара тек үлкен достықтың бастауы
Балмұздақтарымыздың өнеріне бәрі тәнті!
«Университет қабырғасындағы алғашқы ауқымды шараларыңыз құтты болсын! ҚӨУ студенттерінің шығармашылығына тәнті болдым. Әр қойылымның өзіндік ерекшелігі бар. Бәрімізге таныс мультфильмдерді ерекше түрлендіріп, мамандықтарының маңызын керемет жеткізе білді. Мұның артында үлкен еңбек жатыр.
Студенттік шақ – өмірдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан жасқанбай, алға ұмтылып, таңдаған жолдарыңыздан таймаңыздар!» – деп «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиал төрайымы Аружан Сәрсенбаева студенттерге ақ жол тіледі.
Мерекені… ШРЕК алып шықты!
Фестиваль қорытындысы бойынша ЖЕҢІС @fsgn_kru_baitursynuly қоржынында
Жеңілген ешкім жоқ. Себебі, білім ордамызға тек талапты да талантты жастар оқуға түскен.
Барша балмұздақты ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Студенттік өмірге қош келдіңіздер!
Алда өздеріңіз басты кейіпкерге айналатын нағыз ертегідей оқиғалар күтіп тұр.
Фестивальді ұйымдастырған жастар саясаты басқармасына, @baitursynuly_parliament белсенділеріне және қолдау көрсеткен қазылар алқасына АЛҒЫС айтамыз!


















