ҚӨУ «Экономика» білім беру бағдарламасының студенті Динара Күджулова парадзюдо бойынша әлем чемпионатынан алтынмен оралды.
⠀
Жарыс 13-15 мамыр аралығында Астанада өтті. Динара Қазақстан әйелдер құрамасының сапында командалық есепте алтын медаль иеленді!
⠀
Спортшы өз салмақ дәрежесінде (70 кг дейін) емес, 100 кг-нан жоғары салмақтағы қарсыластармен белдесуге мәжбүр болғанына қарамастан нағыз жауынгерлік рух пен шеберлік көрсетті.
⠀
Ширек финалда ол Өзбекстаннан келген спортшыны тамаша әдіспен жеңіп, дзюдодағы ең жоғары баға – «иппон» иеленді.
⠀
Жеке есептегі үшінші орын үшін болған белдесуде Динара Моңғолия спортшысы Туруне Лхайжавқа есе жіберіп, чемпионатты құрметті бесінші орынмен аяқтады.
⠀
Студентіміздің жетістігімен мақтанамыз! Спортта, оқуда және өмірде жаңа жеңістер тілейміз!