object(DateTime)#981 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-07-01 11:44:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • Айнур
    Салеметсізбе грантқа қызды 73 балл мен түсіре аламба. Көпбалалы аналарға квота барма
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! ҰБТ тапсырып, шекті балл жинасаңыз, конкурсқа қатыса аласыз. Бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін мемлекеттік тапсырыстың 5 пайызы бөлінеді.
  • Тұңғышбек Айжан Еркінқызы
    ПСИХОТЕСТ ТАПСЫРУ
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі. Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
  • Тұрсынхан Аяулым Бердиханқызы
    Математика-физика мұғаліміне қанша баллмен грантқа түсуге болады
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады.
  • Құдайберген Нүркен Төлебайұлы
    Дене шынықтыру мамандығы бойынша педтест тапсырайын деген едім
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы шығармашылық болғаннан кейін, арнаулы емтихан тапсырудың қажеті жоқ.
  • Санжар
    Педогогикалық арнайы емтиханды өтуге кірсек тек 1 сұрақ шығып тұр және аяқтау батырмасы ғана уақыт өтуде не істейміз!!!
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, бір педагогикалық жағдаятты шешуіңіз керек, Қайтадан тапсыруыңызға болады.
  • Сагинтаева Аяжан
    Саламатсыз ба мен Сагинтаева Аяжан 2025 жылдың түлегімін және де педагогикалық тест бойынша сұрайын деп едім оны сағат 9:00 бастап 18:00 аяқтауымыз керек па себебі сілтеме арқылы бассам ешнәрсе шықпай жатыр
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі. Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
  • Жарылқасын Динара
    Психотест тапсыруға өтініш қалдырамын онлайн форматта
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі.
  • Катерина
    Здравствуйте. На какие специальности нужно сдавать творческий и специальный экзамен? Нужно ли сдавать если планируешь поступать на психолога? Заранее спасибо
    Жауабы
    Здравствуйте, творческие экзамены сдают поступающие на группы образовательных программ, требующие творческой подготовки, такие как: Подготовка учителей физической культуры", "Подготовка учителей начальной военной подготовки", "Журналистика", "Подготовка учителей музыки", "Подготовка учителей художественного труда и черчения", "Досуг", а специальный экзамен проводится для всех, кто выбирает педагогическое направление. Для того, чтобы поступить на образовательную программу "Психология", специальный экзамен сдавать не нужно.
  • Дүйсеғали Шолпан Дәулеткерейқызы
    Мен, Дүйсеғали Шолпан Дәулеткерейқызы, 2025 жылғы мектеп бітірушімін. Педагогикалық бағытта ЖОО түсу үшін арнаулы емтихан тапсыруға өтініш беремін.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі.
  • Ақажан Айгерім Серікқызы
    Мен Ақажан Айгерім Серікқызы 2025 жылғы мектеп бітіруші түлекпін.ЖОО грантқа түсу үшін өтініш қалдырамын.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе. Грант конкурсына өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданады. Толық ақпаратты 87751550400 нөмерінен ала аласыз.
Қабылдау комиссиясы