2024 күнтізбелік жылдың бірінші жартыжылдығында қр президентінің стипендиясын алуға конкурс жарияланады
Жарияланды:
27 Қараша 2023
оқу 3 мин
3369
Құрметті білім алушылар, 2024 жылдың 04қаңтарына дейін2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми - зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Үміткер тізбеге сәйкес құжаттар пакетін институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және 2024 жылғы 04 қаңтарда Комиссия хатшысына табыс етеді;
Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.
Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар.
Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке, Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші, (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон). Файл атауы: Тегі_өтініш.doc;
Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (оның ішінде 2023-2024 ж.ж. қысқы сессиясының барлық емтихандарының нәтижелері). Платонус арқылы жеке кабинетте транскриптке тапсырыс беріңіз. Файл атауы: Тегі_удостоверение.doc
Үміткердің 2023 жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т. б.). Әр құжат жеке файлға сканерленеді: Тегі_Құжаттың атауы. Растайтын құжаттары бар барлық файлдар Фамилия_ Жеке жетістіктер папкасына жиналады.
Өтініш, куәлік, транскрипт сканері бар файлдар және жеке жетістіктері бар папка папкаға жиналады: Папка атауы: Үміткердің Тегі, Аты, Әкесінің Аты.
Үміткердің құжаттары бар қалта үлгісі:
Құжаттарды институт директорының / факультет деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2024 жылғы 04 қаңтарға ақпанға дейін қабылдайды
Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:
Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты– 8 708 890 81 78, Есетаева Айгуль Мухаметкалиевна.
Экономика және құқық факультеті – 8 701 489 50 76, Алдабергенова Айгуль Ибрахимовна.
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті –8 778 378 92 20, Есімханов Қуанышбай Даубайұлы.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті – 8 777 412 00 59, Көбжасаров Төлеген Жұмашкенұлы.
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті – 8 747 697 52 37 Жусупов Руслан Батырханович.