Қазақстанның 10 жоғары оқу орнынан келген үздік студенттер тек білімдерін көрсету үшін ғана емес, көлік инженериясы саласындағы болашақ маман ретінде өз дайындықтарын дәлелдеу үшін жиналды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды.
Бірінші турда студенттер іргелі білімдерін тексеруге бағытталған тест тапсырды.
Екінші кезеңде қатысушылар теориялық сұрақтар мен практикалық кейстерді қамтитын тапсырмаларды орындап, өздерінің талдау қабілеті мен кәсіби деңгейін көрсетті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Қатысушылар білімдерін сарапқа салып жатқанда, олардың ғылыми жетекшілері де назардан тыс қалмады.
Жетекшілер үшін «Үнемді өндіріс: ысыраптың жеті түрі» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тәжірибесімен университет серіктесі – «TEHNOPARK KZ» ЖШС-нің персоналмен жұмыс қызметінің басшысы Наталья Белоусова бөлісті.
Олимпиаданың маңызын өндіріс өкілдерінің қатысуы арттыра түсті.
Қазылар алқасының құрамына «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны мен Kia зауытының тәжірибелі мамандары енді. Бұл бағалаудың әділ өтуіне және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Қонақтар үшін мазмұнды экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.
Қатысушылар ҚӨУ-дың инженерлік корпусын аралап, машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің заманауи аудиторияларымен, зертханаларымен танысты.
Университет студенттері өздері құрастырып, жуырда таныстырған жарыс болиды ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жоба – жастардың инженерлік әлеуеті мен креативті ойлау қабілетінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар, студенттер үшін университеттің серіктес зауыттарына экскурсия ұйымдастырылып, олар өндірістік үдерістер мен заманауи технологияларды іс жүзінде көре алды.
















