«Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы»

Baitursynuly University студенттері республикалық пәндік олимпиадада жүлделі III орынға ие болды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен білім додасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен университеттің 30 жылдық мерейтойына арналды. «Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбындағы олимпиадаға еліміздің тарихшы мамандарын даярлайтын 11 жоғары оқу орнынан 33 студент қатысты.

Байқауда Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың «6В01601 – Тарих» және «6В01603 – Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс студенттері Алтынай Қайыржан, Санжар Үсенов және Мәди Алпысбаев университет намысын қорғады. Командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен студенттер III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Айта кетейік, биыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінде «Алтын Орда өркениеті» кафедрасы ашылды.

Жаңа кафедраның бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған республикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жастардың тарихи танымын кеңейтіп, Алтын Орда мұрасын тереңірек зерделеуге қызығушылығын арттыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Алтын Орда тарихын зерттеудің маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл тақырыпты халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесе отырып, жүйелі әрі жан-жақты зерделеу қажеттігін атап өткен болатын.

Жүлделі орын иеленген студенттерді және команда жетекшісі, тарих магистрі, аға оқытушы Толқын Еришеваны лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

Қабылдау комиссиясы