Кездесу ҚӨУ-нің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Мақсаты – психикалық денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыру және дағдарысты жағдайлардың алдын алу.
Жастар ортасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – қазіргі заманның ең өзекті, әрі сезімтал мәселелерінің бірі. Мамандар (психолог және дәрігер-терапевт) қауіп факторлары, эмоционалдық жайсыздықтың ерте белгілері, сондай-ақ дер кезінде көмекке жүгіну жолдары мен мүмкіндіктері туралы жастарға түсінікті тілде ақпарат берді.
Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, стрессқа төзімділікті арттыруға және студенттік ұжымда бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар психикалық денсаулықты сақтау бойынша практикалық ұсыныстар алып, кең таралған мифтерді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Өткізілген кездесу студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға және өздерінің, айналасындағы жандардың эмоционалдық жағдайына ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға ықпал етті.





