ТАЛАНТТЫ педагогтың жарқын бейнесі есімізде

Бүгін Baitursynuly University-дің бас корпусында талантты педагог, тәжірибелі ұстаз әрі тәлімгер Сақып Маманованың құрметіне аталған дәрісхана ашылды. Ол университетте 20 жылдан астам еңбек етіп, білім ордасының дамуына және шетел тілдері саласында білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосты.

Сақып Жиқанқызының университеттегі еңбек жолы оқытушылық қызметтен басталды. Жылдар өте неміс тілі кафедрасын басқарды. Кейін шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

Оның бүкіл ғұмыры ұстаздықпен, жастарға білім беріп, тәлім-тәрбие үйретумен тығыз байланысты болды. Сақып Жиқанқызы студенттерге неміс тілін үйретіп қана қоймай, болашақ мамандар мен ұстаздарға арналған оқу-әдістемелік құралдар әзірлеп, мол тәжірибесін кейінгі буынға қалдырды.

Сақып Маманованың есімін ұлықтап, дәрісхана ашу туралы бастаманы жары Талғат Маманов пен балалары көтерді.

Отбасы үшін бұл – жай ғана естелік орын емес. Бұл – аяулы жанның есімін сақтап, оның ұстаздық жолын кейінгі ұрпаққа жеткізудің және өзі еңбек еткен білім ордасының дамуына үлес қосудың бір жолы.

Дәрісхананың ашылуында Сақып Жиқанқызымен бірге қызмет еткен әріптестері де жылы естеліктерімен бөлісті. Олар оны шынайы педагог, білікті ұстаз, өз ісіне адал маман әрі шәкірттеріне бағыт-бағдар берген нағыз тәлімгер ретінде еске алды.

Қабылдау комиссиясы