Асет өзінің «Соединяем Казахстан» (Freedom қолдап, қостаған) масштабты жобасы аясында еліміздің өңірлерін аралап жүр.
Қостанайға келген бойда TikTok желісіне ҚӨУ-дің бас корпусының алдында түскен видеосын жүктейді.
Кейін студенттерімізге:
– Қаласаңыздар, көрісіп, әңгімелесейік, – деген ұсыныс тастайды.
Мұндай мүмкіндікті кім жіберсін! Міне, қонағымыз үшін арнайы университет корпустарына саяхат ұйымдастырдық.
Экскурсия педагогикалық институттан басталды. Арнайы және инклюзивті білім беру зертханасында Асет құм терапиясымен танысып, құммен сурет салатын телебағдарламаларды да еске түсірді. Бәрінен бұрын оны психологиялық жүктемені азайту зертханасы таңғалдырған екен:
– Студенттерге балалармен дұрыс психологиялық тіл табысуды үйрететін бөлме қатты ұнады. Бұл негізі өте маңызды. Білім алушылар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа мұндай терең мән беріледі деп ойламаппын.
Бұдан кейін блогер медиастудияға саяхаттады. Подкаст жазу, түсіру, Lightboard тақталарының, хромакей мен 3D-модельдеу мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Студияда оқытушыларымыз онлайн-дәрістерін түсіреді. Халықаралық Coursera платформасына дәрістерін жүктегендер де бар.
Айта кетпеске болмас, университетімізде мұндай заманауи студия біреу емес, үшеу.
Король Седжон атындағы институтта блогерді бір тосынсый күтіп тұрды.
– Оңтүстік Кореяда екі рет болсам да, дәстүрлі ханбок киімін алғаш рет осы ҚӨУ қабырғасында киіп көріп жатырмын! – деп таңданысын жасырмады.
Айтпақшы, («Кальмар ойынының» екінші маусымында көрсетілген) кәрістердің «конги-нори» ойыны ұлттық «асық», «бес асығымызбен» бірдей болып шықты. Бұл ұқсастықты Кореядан келген @king_sejong_institute_kostanay оқытушысы Chihoon Lee да растады:
– It’s the same game as асық ату.
Нағыз тұлпар!
Саяхатымыздың ең қызықты сәті TechnoPark-тегі Т800 болид болды, әрине.
Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері құрастырған тұлпар – «Формула Студент» класындағы еліміздегі тұңғыш студенттік жарыс көлігі.
3,5 секундта сағатына 100 км жылдамдыққа дейін
800 кубтық қуатты қозғалтқышы бар
Блогер командасымен (университет ұжымы да) болидті көріп мәз. Рульге отырып, естелікке суретке түстік.
Т800-бен қимай-қимай қоштастық...
Маршруттың соңғы нүктесі – IT-әлемге жол ашатын Smart-орталық. Мұнда Qostanai Hub пен ҚӨУ Инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу институты орналасқан.
Заманауи жабдықтар мен ғалымдарымыздың тың жобалары да әсер қалдырды.
Болашақ прокурорлар мен маркетологтардан бастап, IT мамандары мен ветеринар-студенттермен әңгімелесу, селфиге түсу, бас корпустағы «шексіз айна» жанында тілек тілеу…
– Студенттеріңіздің ынтасы бірден байқалады, жан-жақты екені көрініп тұр. Осындай мүмкіндіктердің бар екені де керемет. Қостанайға үшінші рет келіп отырмын, бірақ бұл жолы қала маған мүлде басқа қырынан ашылды. Ал ҚӨУ-ге келіп, шынымды айтсам, қайтадан студент болғым келіп кетті!», – деп әсерімен бөлісті Асет Мұрзабаев.
Бір күнде қара шаңырағымыздың жартысын ғана араладық. Сондықтан тағы да қонақта күтеміз!
Мектеп бітіруші түлектер! Үлкен өмірге саяхаттарыңызды Baitursynuly University-мен бірге бастауға қалай қарайсыздар?
«Арман - адамға қанат».
ҚӨУ болса – талмас қанат.
150-ден астам білім беру бағдарламасының арасынан өзіңізге ұнайтын мамандықты табатыныңызға сенімдіміз!
Оқуға түсу жайлы барлық ақпарат осында:
Қостанай қ., Тәуелсіздік 118, каб. 132, 112
Instagram: @kru_kst_priyem
WhatsApp: +7-775-155-04-00, +7 777-391-91-77
Call-center: 8(7142)54-28-49
Telegram @Talapker_KRU_AB_bot





















