Аталған білім беру бағдарламасының студенті Тимур Абылханов беделді ғылыми байқаулар мен пәндік олимпиадаларда университет намысын абыроймен қорғады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы бойынша, студентіміз И.А. Шиловтың қазақстандық пауэрлифтинг мектебінің қалыптасуына қосқан үлесіне арналған зерттеуі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстанның 14 жоғары оқу орнынан қатысқан 27 байқау жұмысының ішінде ҚӨУ студентінің ғылыми зерттеуі үздіктер қатарынан көрініп, сарапшылардың жоғары бағасын алды.
А.П. Петровтың 150 жылдығына арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық өлкетану ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында І орынды жеңіп алуы айрықша жетістікке айналды.
Байқауға ұсынылған бұл еңбек Игорь Шиловтың пауэрлифтингті дамытудағы тарихи рөлін жан-жақты ашып, ғылыми қауымдастықтың үлкен ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, Тимур Абылханов «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша өткен ХVIII республикалық пәндік олимпиадада Қостанай өңірлік университеті командасының жалпыесепте жүлделі ІІ орыннан көрінуіне өз үлесін қосты.
Мұндай жоғары нәтижелерге дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Дидар Жұмекенованың жүйелі жұмысы мен кәсіби шеберлігінің арқасында қол жеткізілді. Оның ғылыми жетекшілігімен дайындалған студенттік зерттеулер өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен және практикалық құндылығымен ерекшеленді.
