Бұл үшін компьютерлік томография негізінде әзірленіп, титаннан 3D-принтерде басып шығарылған жеке остеоинтеграциялық имплант жасалды.
Мұндай операциялар елімізде бұрын-соңды жүргізілмеген және бұл ветеринариялық хирургияның дамуына жаңа серпін береді.
Жас маманның айтуынша, заманауи технологиялар пациенттердің еркін қозғалып, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Ота Әділдің өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласында ашқан мамандандырылған ветеринариялық хирургия клиникасында жасалды.
Оған дейін ол Астана және туған қаласы Қарағандыдағы жеке ветеринариялық клиникаларда жұмыс істеген.
Бүгінде дәрігер хирургия, травматология және ортопедия сияқты бағыттарды негізге алған. Әділ Қазақстанда санаулы мамандар ғана орындай алатын күрделі ортопедиялық операцияларды, сондай-ақ түрлі хирургиялық оталарды жүзеге асырады.
Сонымен қатар ол өз командасымен бірге Астанада үй жануарларына арналған МРТ және КТ диагностикасын енгізді.
Жас ветеринар дәрігердің қайырымдылық қоры да бар.
Қор жануарлар панажайларындағы жануарларға тегін операция жасап, олардың операциядан кейін қалпына келуі үшін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.
Әділдің айтуынша, жануарларға деген сүйіспеншілігі бала кезінен басталған: ол әрқашан панасыз жануарларға көмектесуді армандаған.
Бүгінде ветеринар-хирург ретінде ол басқа клиникалар бас тартқан күрделі жағдайдағы науқастарды қабылдайды. Көбіне бұл – Коби сияқты ауыр халдегі пациенттер.
Коби де панажайдың тұрғыны. Еріктілер оны ауыр жағдайда тауып алған: гангрена салдарынан оның жамбас сүйектерін ампутациялауға тура келген.
Әділ Оңғарбаев пен оның командасының арқасында жануар толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алды.
Коби қазір клиникада, мысықты отаның келесі кезеңі – екінші жақ жамбасын протездеуге дайындап жатыр.
Біз жас, әрі болашағынан зор үміт күттіретін дәрігер Әділ Оңғарбаевтың Қостанай өңірлік университетінің студенті екендігімен мақтанамыз.
Әділдің айтуынша, ҚӨУ оқытушылары оның практикалық тәжірибесін терең теориялық біліммен және кәсіби көзқараспен толықтырады.
Сонымен қатар, ол ТМД елдерінің жетекші мамандарынан білім алып, озық клиникаларда тағылымдамадан өткен, кәсіби конференциялар мен мастер-кластарға тұрақты түрде қатысып, өз біліктілігін үнемі жетілдіріп келеді.
2025 жылы Әділ ветеринария саласына қосқан ерекше үлесі үшін берілетін беделді PRO EXCELLENCE AWARD сыйлығының «Болашақ скальпелі» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.
«Хирургия – өз ісіне адал жандарды таңдайды»,-дейді жас маман.
Әділ Оңғарбаевтың бейнесі – батылдық пен білімнің, өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын болашаққа жетелейтіндігінің айқын дәлелі.
Бүгінде ветеринария – жоғары технологияларға негізделген, қарқынды дамып келе жатқан және нағыз инновацияларға жол ашатын сала.



