Scopus, Web of Science және Platonus: ғылыми профильдерді ретке келтіреміз

12–15 қазан аралығында Baitursynuly University-нің ғылым және коммерцияландыру басқармасы университеттің барлық ғимараттарында оқытушылар мен қызметкерлер үшін бірнеше кездесулер өткізіп, қызметтік кеңестер берді.

Бірлескен жұмыс барысында мамандар ғылыми жарияланымдар туралы мәліметтерді өзектендіріп, деректердің дұрыстығын тексерді. Атап айтқанда:

Әрбір ғылыми мақала – есептегі жай ғана бір жол емес, ғалымның ғылыми беделі, әрі университеттің академиялық ортадағы танымалдығына қосылған үлес.

Ғылыми еңбектердің дұрыс есепке алынып, авторға пайдасын тигізуі үшін мәліметтерді университеттің әрбір зерттеушісінің академиялық портфолиосы қалыптастырылатын бірыңғай цифрлық платформа – Platonus жүйесіне уақтылы енгізіп, жаңартып отыру маңызды.

Мұндай жұмыс оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жетістіктерін жүйелеуге, академиялық деректердің сапасын арттыруға және олардың өзектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы