Бұл – тек жеке жетістік қана емес, республикадағы аграрлық сектор ғылымы үшін маңызды қадам.
Докторанттың ғылыми жобасы – ұзақ уақыттан бері өзекті болғанымен, әлі күнге дейін толық бағаланбаған мәселенің заманауи шешімі.
Айгерім GIS және Google Maps платформаларын пайдалана отырып, Ақтөбе облысындағы қан сорғыш жәндіктердің таралуының интерактивті картасын әзірледі. Жоба Aqtobe IT Hub өңірлік цифрлық алаңында таныстырылып, мамандардың қызығушылығын тудырды.
Болашақ ветеринар дәрігер ғылыми жетекшісі, ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі Марат Әубәкіровтің жетекшілігімен бірнеше жылдан бері жылқышы шыбындардың (слепень) тіршілік ортасын зерттеп келеді. Бұл жәндіктер мал шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Олардың шағуы мал өнімділігін төмендетіп қана қоймай, лейкоз және тейлериоз сияқты қауіпті ауруларды таратуы мүмкін.
Жобаның ерекшелігі неде?
Ақтөбе облысында алғаш рет зиянкестердің таралуының мыңнан астам нүктесін біріктіретін геоақпараттық база жасалуда. Бұл:
Мұндай құрал аса өзекті. Осы уақытқа дейін фермерлерде қауіп аймақтары мен зиянкестердің белсенді кезеңдері туралы нақты деректер болмаған.
Айгерімнің айтуынша, зерттеу нәтижелері эпизоотиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін жақсартуға және фермерлік шаруашылықтардың экономикалық шығындарын азайтуға ықпал етеді.
Айта кету керек, бұл жұмыс тек докторлық диссертацияның бір бөлігі ғана емес, нақты практикалық маңызға ие.
Болашақта бұл электронды карта фермерлер мен ветеринарлық қызметтер үшін таптырмас құралға айналып, шаруашылықтарды аса қауіпті қатерден қорғауға көмектеседі.
Айгерім Шарипованың жетістігі – ел болашағын бүгіннен бастап қалыптастырып жатқан жас ғалымдардың жарқын үлгісі.






