Ғылыми шара Варшава қаласында өтіп жатыр. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Дмитрий Легкий конференцияға офлайн форматта, тікелей Польшада қатысты. Ал әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табылденов конференцияға онлайн қосылды.
Конференцияны Пилецкий институты ұйымдастырды. Бұл – Польшадағы ХХ ғасырдағы Кеңестік Орталық Азияны, тоталитаризм тарихын, қуғын-сүргін, депортация, сондай-ақ күштеп қоныс аудару салдарынан осы өңірге келген адамдардың тағдырын зерттейтін ғалымдарды біріктірген алғашқы пәнаралық жоба.
Әлібек Табылденов «ХХ ғасырдың 30–40-жылдарындағы Солтүстік Қазақстанға жер аударылған поляктар: демографиясы, кәсіби және жыныстық-жас ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Ал Дмитрий Легкий «1939–1954 жылдардағы Қазақ КСР-дегі педагогикалық білім беру жүйесіндегі поляктар мен корейлер (Қостанай мұғалімдер институты мысалында)» атты баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.
Baitursynuly University ғалымдарының аталмыш конференцияға қатысуы – ғылыми зерттеулерін халықаралық ғылыми ортаға таныстырып, Қазақстан мен Орталық Азия тарихын тереңірек зерттеуге үлес қосуға мүмкіндік береді.
