object(DateTime)#981 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-17 03:24:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • ,Айжан
    Салеметсізбе қазақ тілі мен әдебиеті пәніне педквота берілеме берілсе қай универге берілгенін айта пласызба
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Әр жоғары оқу орнына бөлінетін педагогикалық квота туралы ақпаратты ұлттық тестілеу орталығының сайтынан қарай аласыз testcenter.kz/ .
  • Акниет
    Здравствуйте! Я хочу поступить на бакалавриат по специальности «Учитель информатики» с дистанционной формой обучения. Подскажите, есть ли у вас такая возможность и сколько стоит обучение?
    Жауабы
    Здравствуйте, прием документов будет осуществляться с 20 июня по 20 августа 2025г. Стоимость обучения составит 535 200 тенге за первый курс. Срок обучения - 2 года. Более подробную информацию вы можете получить в приемной комиссии университета по адресу: ул.Тәуелсіздік, 118., телефоны: 8 7142 542849, 87751550400.
  • Аноним
    Сәлеметсіз бе! Грат ұбттыдан 70 бал жинанадым , осы балмен филология мамандығына грантқа Алматы , Астанаға түсуге жеткілікті ме?
    Жауабы
    Грант конкурсына өтініштер ағымдағы жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
  • Диана Темірбекқызы
    Сәлеметсіз бе, био-гео 80 балл алдым мамандығым бастауыш пед еді грантка түсе аламын ба? Пед квота арққылы болады дейді, ол жайлы толық акпарат бере аласызба?
    Жауабы
    Педагогикалық квота бұл педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына (мамандықтарға) бөлінетін жоғары оқу орнына түсу кезіндегі квота түрі. Бұл квота бойынша гранттар белгілі бір университеттерге бөлінеді. Университетімізге "В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламаларының тобына педагогикалық квота бойынша 20 грант бөлінді. Грант конкурсына өтініштер ағымдағы жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады.
  • Жанат
    Колледжден кейін универ жалғастыру үшін бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қандай пәндерден ұбт тапсырады
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Ұлттық бірыңғай тестілеуде Педагогика және психология негіздері және Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы бейінді пәндерді тапсырасыз. Оның нәтижелері бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл болуы керек.
  • Дұйсебек Жұлдыз
    Коледж бітірген соң басқа мамандыққа университет ке тұсу үшін қандай тест тапсыру керек университет ке басқа мамандық оқығым келеді.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Колледж бітірген соң басқа мамандыққа түсетін жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуіңіз керек. ҰБТ-ға өтініштер қабылдау 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты https://app.testcenter.kz/ арқылы қабылданады.
  • Гүлзира
    Сәлеметсіз бе!
    Өкініштісі былтырғы су тасқыны аймағы бойынша менен төмен балл алғандар түскен,мен тапсырған универлерге және мен тапсырған мамандық бойынша.
    Былтырғы ҰБТ баллымен,биылға грантқа түсу мүмкіндіктері барма, әлде қайта тапсыру керек пе? Екі шет тілі мамандығы. Қызыл аттестат. 94 балл.
    Және бір сұрағым, Қызыл аттестатпен грантқа түсе алмағандарға келесі жылға мүмкіндігі бар грант түрі бар дейді, бұл қаншалықты рас және болса ол қандай грант және жолдары қандай.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері тапсырған жылдың 31 желтоқсанның аяғына дейін жарамды. Грант конкурсына қатысу үшін қайтадан ҰБТ тапсыруыңыз керек.
  • Алина Лепесова
    Сәлеметсізбе! Мен 108 баллмен Астанадағы AIU университетіне көпбалалы квотамен география мұғаліміне түсе аламынба? 444 грант бөлінді дейді,оның 5%-ынан 22 адаммен конкуренция қиын болама?)
    Сосын,педквота қандай мүмкіндіктер береді? Оны көпбалалы квотамен қосуға болама?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квотаны педагогикалық квотамен қосуыңызға болады. Бұл конкурс болғаннан кейін бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны мен берілетін өтініштер санына байланысты болады.
  • Шектібаева Бақытжамал
    Жоғарғы оқу орнына грантқа түсу үшін не істеу керек?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсыру керек, ҰБТ-ға өтініштер сәуірдің 12-25 аралығында қабылданды. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданады.
  • Айжан Тұрдымұрат
    56 баллмен оқуға түсе аламын ба
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның нәтижесіне сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл, басқа даярлау бағыттары бойынша - 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Қабылдау комиссиясы