object(DateTime)#1024 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-05 21:29:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Диссертациялық кеңеске ұсынылатын құжаттар

Қорғауға қабылдау үшін Ғалым хатшыға тапсыру қажетті құжаттар тізімі *: 

  1. Диссертациялық кеңес төрағасының атына қорғауға қабылдау туралы өтініш (Е 011 – 2022 Ереже. Диссертациялық кеңес», В қосымшасы);
  2. Докторанттың жұмыс немесе оқу орны бойынша куәландырылған фотосуреті бар кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы парақ;
  3. Докторант туралы мәліметтер (Е 011 – 2022 Ереже. Диссертациялық кеңес, Е қосымшасы);
  4. Отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (жұмыс орны бойынша расталған қолы бар) баспа және электрондық (PDF-формат) түрінде;
  5. Кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытындысы;
  6. Диссертацияның кітапша жасалмаған түрдегі қағаз және электрондық жеткізгіштердегі данасы;
  7. Университеттің ғалым хатшысы куәландырған ғылыми жарияланымдарының тізімі және олардың ізі электронды және баспа түрінде;
  8. Докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеру туралы транскрипт;
  9. Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы;
  10. Әр тілде көлемі кемінде 5 (бес) бет және жалпы көлемі 15 беттен немесе 1 (бір) баспа парағынан аспайтын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі диссертациялық жұмыстың электрондық және баспа түріндегі аннотациясы (Е 011 – 2022 Ереже. Диссертациялық кеңес, Г қосымшасы);
  11. Бұйрықтарынан көшірмелер: диссертация тақырыбын бекіту, ғылыми кеңесшілерді тағайындау, диссертация тақырыбын өзгерту, диссертацияны қорғауға жіберу туралы.

* Ғалым хатшы, егер докторант туралы мәліметтердің толықтығы үшін қажет деп санаса, қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Басқа ЖОО докторантурасының түлектері құжаттар тізбесіне өз ЖОО басшысы атынан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры атына өтініш-хат ұсынуы тиіс.

Қабылдау комиссиясы